3 қарашада Павлодар көркемсурет колледжінде бірінші курс білім алушыларына Павлодар облысы ПД ББББ қызметкерлері Д.Г. Тусупов пен Д. М. Жансеитов «Білім алушылар арасында қылмыстың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған ең өзекті және әлеуметтік маңызды міндеттердің бірі, әрине, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың өсуін төмендету жолдарын іздеу және олардың алдын алудың тиімділігін арттыру болып табылады.