Жаңалықтар

Көрме



23 ақпанда Балалар көркемсурет мектебінде көрменің ашылуына оқытушы Добров Роман Станиславович және 34 ДИ тобының білім алушысы Снежинский Сергей шақырылды. Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі 1979 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде оның жүздеген тәрбиеленушілері алғашқы көркемдік дайындықтан өтті, олардың көпшілігі Павлодар көркемсурет колледжінде оқуын жалғастырды.