Жаңалықтар

Құқықтық дәрісхана



12 наурызда Павлодар қ. СОП ПБ ОМПС УПИ полиция капитаны Бейбіт Болатұлы Серкенов кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдерде құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында құқықтық дәріс өткізді. Білім алушыларға құқық бұзушылықтың не екендігі, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны, кәмелетке толмаған жастағы қылмыс жасаған адамдар үшін жазаның қандай түрлері мен мөлшері көзделгені туралы айтылды. Дәріс соңында білім алушылар өздерін қызықтыратын құқықтық сипаттағы барлық сұрақтарға жауап алды