27 наурызда үшінші курс білім алушылары Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырған «Өңірдің креативті индустриясын дамыту» бағыты бойынша «Public Talk» жобасына қатысты. Жобаның мақсаты-шығармашылық қызметтің түрлі салаларының сарапшылары мен өкілдерін тарта отырып, өңірдің креативті индустриясын дамыту үшін шешімдерді талқылау және іздеу үшін алаң құру. Бүгінгі іс-шарада көптеген пайдалы ақпарат алғаннан кейін біздің білім алушылар әртүрлі жобалар жасап, өз жұмыстарын қорғады.