Жаңалықтар

Дизайн онкүндігі



15 сәуірде Жастар бастамаларын дамыту орталығында дизайн онкүндігінің жабылуы өтті. Онкүндіктің қорытындысы шығарылып, колледж көрмесінің қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Үшінші курс білім алушылары Қазақстан халықтарының ертегілері бойынша косплей ұйымдастырып, өткізді. Дизайн онкүндігінің жабылу уақытында «Hand made» жәрмеңкесі өтті, онда ПХК білім алушылары қолдан жасалған түрлі әшекейлерді, боялған футболкаларды, суреттерді көрсетті.