02 мамырда Павлодар көркемсурет колледжінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті. Қазақстан Халқының Бірлігі күні - біздің бүкілхалықтық бірлігіміздің күні, Қазақстанның барлық этностарының достығы мен келісімінің мерекесі, бұл қазақстандық патриотизмнің, елімізге, халқымызға деген адалдықтың мерекесі. Қазақстанда бейбітшілік пен келісімде 150-ден астам этнос тұрады, колледжде 13 этнос өкілдері оқиды.