Біз 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз, гаджеттер мен интернет өміріміздің
ажырамас бөлігі болып табылатын ғасыр. Дүниежүзілік желіні
пайдаланушылар Интернет алаяқтарының тұзағына жиі түседі.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ирина Николаевна
Бонова 1-2 курс студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын
жүргізді.
«Киберқылмыстар және олармен күресу жолдары» әңгімесі барысында
студенттерге интернетте адамның алданып қалуы мүмкін жағдайларды
бейнелейтін ақпараттық бейнеролик көрсетілді. Бейнероликті көргеннен
кейін студенттер өздерін және жақындарын мұндай алаяқтықтан қалай
қорғауға болатынын ойлады.
Сондай-ақ, студенттерге киберқылмыс деген не, олардың қандай түрлері бар
және өзін қалай қорғау керектігі туралы ақпарат берілді. Тыңдаушылар
әңгіме материалын тыңдап қана қоймай, интернет-алаяқтыққа қатысты өз
білімдерімен бөлісті.