Жаңалықтар

«Менің Тәуелсіз Қазақстаным»



Павлодар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» шығармашылық байқауы өтті.

Байқауға өнер колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Жеңімпаздар қатарында біздің Екатерина Урюмцева да болды.

Екатерина педагог Елена Сергеевна Богужаның жетекшілігімен байқауға қатысты. Сізді шын жүректен құттықтаймыз және кез келген бастамада сәттілік тілейміз!