01 қараша күні колледж білім алушыларына қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Прозаның хас шебері» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. Білім алушылар Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығынан қызықты деректермен танысты. Бейімбет Майлиннің естелігі оның шеберлік пен халық даналығының үлгісі болып қалатын шығармаларында сақталады.