4 қарашада 14 ИД топ білім алушылары «Ерке Ертістің жағасында нашақорлыққа жол жоқ!» атты нашақорлыққа қарсы форумға қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, жұртшылықтың, студенттер мен жастар бірлестіктерінің және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын дамыту.