Жаңалықтар

Экскурсия



18 қараша күні 44 ӨД, 34 ГД топ білім алушылары И.В. Панфилов атындағы әскери даңқ мұражайына барды. Мұражай 2017 жылы Павлодар қаласының №14 орта мектебінде ашылды, даңқты әскери қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Иван Васильевич Панфиловтың есімі берілген. Мұнда мектеп оқушылары үшін тұрақты экскурсиялар ұйымдастырылып, оларға қазақстандықтардың 1941-1945 жылдардағы ерліктері, Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстаг ғимаратына тіккен Жеңіс туы және сол сұрапыл соғыстың басқа да оқиғалары туралы айтылады.