Жаңалықтар

Есірткіге жол жоқ



Павлодар қалалық ІІБ және Павлодар облысы бойынша есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Темиргалиева Ирина Александровнамен бірлесіп, Павлодар көркемсурет колледжінде есірткінің зияны туралы дәріс өткізілді.

Әңгімелесу барысында білім алушыларға есірткінің адам ағзасына әсері, оның салдары қандай болуы мүмкін, тыйым салынған заттардың қауіпті заттары қандай екендігі айтылды.

Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.