Жаңалықтар

Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесу



04 наурыз күні Г.Н.Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайында Павлодар көркемсурет колледжінің білім алушылары "Жас қанаттар" жастар қанатының мүшелері Анастасия Виндерголер, Виктория Ромадина және Айгүл Тулегеновамен кездесті. Кездесуде IT технологиялардағы заманауи мүмкіндіктер туралы, ҚІӘҚ делегациясының құрамында Анастасия барған Португалиядағы Әйелдердің жаһандық саммиті туралы мәселелер талқыланды, кездесу нәтижесінде өзара одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.