Жаңалықтар

Павлодар көркемсурет колледжінің білім алушылары «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КМҰ – мен бірлесіп өткізілген қолөнер бойынша шеберлік сабағына қатысты.

Ұйым жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдеседі, оның аясында жастар бизнес жүргізудің теориялық және практикалық дағдыларын оқып үйренеді, start- up жобаларын алға жылжыту үшін қажетті білім мен дағдыларын алады.