21 сәуір Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында Павлодар көркемсурет колледжінің білім алушылары Т. Г. Шевченко атындағы Павлодар украин мәдениеті серіктестігінің ұжымымен салтанатты кездесуге қатысты. Павлодар облысының Құрметті азаматы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі М.С. Парипса бірлік күнінің тарихы мен маңызы туралы айтып, шығармашылық ұжымның қатысушыларымен және украин мәдениеті серіктестігінің қызметімен таныстырды.