Жаңалықтар

«Кітап – алтын қазына»




2022 жылдың 22 сәуірінде Павлодар көркемсурет колледжінде колледждің кітапхана қорымен таныстыруға арналған "Кітап – алтын қазына"атты іс-шара өтті. Кітапхана меңгерушісі колледждің білім алушыларына өткізілген іс-шараның маңыздылығы, кітап пен оқудың рөлі туралы айтып берді. Іс-шараға 1 курс білім алушылары белсенді қатысты. Кітапхананың жас оқырмандары балалар жазушыларының кітап туралы өлеңдерін оқып, кітапқа деген көзқарастарын білдіріп, Ж. Молдағалиевтің "Мен қазақпын"поэмасынан үзінді оқыды. "Кітап туралы мақал-мәтелдерді жалғастырыңыз" іс-шарасы барысында қатысушылар кітап туралы келесі мақал-мәтелдерді келтірді. Іс-шараға Қазақстан жазушыларының шығармалары мен білім алушыларға арналған арнайы көркем әдебиет ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.