Жаңалықтар

М.Әуезов шығармашылығына арналған экскурсия




Биыл қыркүйек айында қазақтың ұлы жазушысы,ғалым, "Абай жолы" өлмес романының авторы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығы атап өтіледі. Мерейтой қарсаңында Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған 1 курс білім алушылары үшін экскурсия өткізілді.