Жаңалықтар

Референдум өткізу туралы



Павлодар көркемсурет колледжінің білім алушыларына Конституциялық реформаның мәні туралы айтылды. Білім алушылардың алдында топ кураторы Нургазинова Дина Ерганатовна сөз сөйледі.

5 маусымда Қазақстанда еліміздің Негізгі заңына түзетулер енгізу бойынша референдум өтеді. Ол жасырын дауыс беру барысында азаматтардың ерікті қатысуы және еркін ерік білдіруі қағидаттарына негізделетін болады. 20 мамырдан бастап Қазақстанның әрбір азаматы тізімге енгізілгенін тексере алады.

Кәмелетке толған білім алушыларға Конституцияның 33-бабына 56 түзету енгізіліп жатқаны туралы айтылды, олардың мазмұны неде екендігі егжей-тегжейлі сипатталды, дауыс беруге арналған өзінің учаскесі туралы қалай білуге болатыны түсіндірілді. Сондай-ақ білім алушыларға бюллетеньде 1 сұрақ және екі жауап нұсқасы болатынын еске салды.

«Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бағытымызды нығайтады»

Қазақстан Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаев