Павлодар көркемсурет колледжіндегі оқу жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және 2022-2023 оқу жылының басына арналған дәстүрлі мерекелік жиынмен басталды. Жиында колледж директоры Т.В. Солдатова құттықтау сөз сөйлеп, білім алушылар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтады.
Жиын соңында студенттер үшін «Білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм» Бірыңғай Білім сабағы өткізілді. Куратор Д. Е. Нургазинова білім алушыларды колледждің Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерімен және дәстүрлерімен таныстырды.