3 курс студенттері үшін Павлодар қаласының ЖИТС орталығының маманымен «ЖИТС-пен күрес бойынша алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.
Қазақстанда ДДҰ ұсынымдары бойынша мінез-құлық, биомедициналық және сындарлы стратегиялардың үйлесуі есебінен АИТВ-инфекциясының алдын алу жоспарында барынша әсерге қол жеткізуге бағытталған кешенді профилактикалық тәсіл енгізілді. Бұл бағдарламаларды АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары іске асырады, 130 сенім пункті мен 28 достық кабинеті жұмыс істейді.