Жаңалықтар

«Шебер мұрасы» еске алу кешіне қатысу



Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары И. У. Қожаниязова мен куратор Д. Е. Нургазинованың жетекшілігімен 3 курс білім алушылары халық шебері Б. Ж. Сагандыковтың 85 жылдығына арналған «Шебер мұрасы» еске алу кешіне қатысты.. Сагандыков Бақыт Жалелович-Павлодар Ертіс өңірінің белгілі шебері. Шебердің жұмыстары арасында ет, қымыз беру рәсімдеріне арналған ағаш ыдыс-аяқ жиынтығы, киіз үй бұйымдары, ат жабдықтары және басқа да көптеген бірегей бұйымдар бар.

Олардың барлығы тарихи шындық, формалардың мәнерлілігімен ерекшеленеді. Б. Ж. Сагандыковтың жұмыстары АҚШ, Франция, Германия, Италия, Түркияда, мұражай қорларында және жеке коллекцияларда сақтаулы. Шығармашылық қызмет барысында жасалған шебердің жұмыстарының көрмесі, әр жылдары жарияланған фотосуреттер, жеке заттар ұсынылды. Сондай - ақ, көрмені оның жұбайы-қолөнерші-қолданбалы Тленбекова Ботагоз Каримжановна мен оның ұлы Сагандыков Саид Бахитовичтың жұмыстары толықтырды.